Басқарылатын қолданбаны қосу

Қолданбаны iOS MDM құрылғысына орнатпас бұрын, қолданбаны iOS MDM серверіне қосу керек. Қолданба Kaspersky Security Center көмегімен құрылғыға орнатылған болса, басқарылатын болып саналады. Басқарылатын қолданбаны Kaspersky Security Center құралдарымен қашықтан басқаруға болады.

iOS MDM серверіне басқарылатын қолданбаны қосу үшін:

  1. Консоль ағашында Ұялы құрылғыларды басқару қалтасын ашыңыз.
  2. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылардың серверлері салынған қалтасын таңдаңыз.
  3. Ұялы құрылғылардың серверлері қалтасының жұмыс аймағында iOS MDM серверін таңдаңыз.
  4. iOS MDM серверінің контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    iOS MDM сервері сипаттары терезесі ашылады.

  5. iOS MDM сервері сипаттары терезесінде Басқарылатын бағдарламалар бөлімін таңдаңыз.
  6. Басқарылатын бағдарламалар бөлімінде Қосу түймесін басыңыз.

    Бағдарламаны қосу терезесі ашылады.

  7. Бағдарламаны қосу терезесінде Бағдарламаның атауы өрісінде қосылатын қолданбаның атауын көрсетіңіз.
  8. Apple ID немесе манифест файлының сілтемесі өрісінде қосылатын қолданбаның Apple идентификаторын немесе қолданбаны жүктеп алуға болатын манифест файлына сілтемені көрсетіңіз.
  9. iOS MDM профилін жойған кезде пайдаланушының ұялы құрылғысынан профильмен бір уақытта басқарылатын қолданбаның да жойылғанын қаласаңыз, iOS MDM профилімен бірге жою жалаушасын қойыңыз.
  10. Егер сіз iTunes көмегімен қолданба деректерінің сақтық көшірмесін жасағыңыз келмесе, Деректердің сақтық көшірмесін бұғаттау жалаушасын қойыңыз.
  11. OK түймесін басыңыз.

Қосылған қолданба iOS MDM сервер сипаттары терезесінің Басқарылатын бағдарламалар бөлімінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу